10
ақпан
2025
«Кітап-асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағаты
10.02.25ж Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында 8 сынып білім алушыларымен «Кітап-асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап арқылы білім мен тәрбиенің шексіз мүмкіндіктерін көрсету. Сонымен қатар, жас ұрпақты өз бетінше оқу мен білім алу мәдениетіне баулу, кітапқа деген құрметті арттыру болып табылады. Тәрбие сағаты барысында оқушылар кітаптың адамның жан дүниесін байытатынын, рухани даму мен ой-өрісін кеңейтетінін түсінеді.
Сынып жетекші: Ниязбекова А
Сынып жетекші: Ниязбекова А
