28
октябрь
2022
Алтын күз Өзін -өзі басқару ұйымы
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен «Алтын күз -2022» тақырыбында 6-9 сыныптар арасында Күзгі бал өткізілді. «Күзгі балл» мектепішілік кешінің мақсаты: Оқушылардың арасынан күз ханшайымы және күз ханзадасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу. Байқауда «Кел, танысайық», «Күз сыйы», «Қызықты вайн тайм.», «Мерекелік дастархан мәзірі» және өнер сайысы бөлімдері бойынша сынға түсті. Мектепшілік өткізілген «Алтын күз-2022» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізіп, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Барлық сыныптар өз өнерлерімен тәнті етті. Бай
қауды қорытындылап бағалау үшін әділ қазылар алқасы мектеп директорыА.Р. Спанкулова кітапханашы Бәделқызы Бағдар және орыс тілі пәні мұғалімі Мартбаева Жадыра қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Сайыста төрешілер бас жүлдені 6 сынып оқушылары Көшкінбай Айым мен Хорошийлық Мирасылды «Күзгі бал-2022» ханзадасы мен ханшайымы деп ортақ шешімге келіп, тәж кигізіп жүлделі орындарымен құттықтаса, І орынды 7 сынып оқушылары Жапсарбай Аруна мен Нұрланбек Дінмұхаммед Іорын иеленді. ІІ орынды 9 сынып оқушылары Жұмаш Жансая Сәрсебай Нұрбақыт жеңіп алды. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен марапатталды. Бұл мерекелік шараға қатысқан, әрбір сынып өз үлестерін қосып, ұйымшылдықпен өздерін көрсете білді. Байқау өз деңгейінде өтті..
