№23 Тескентоған ЖББ мектебінде өткізілген «Ұлы даланың жеті қыры» атты математикалық кеш » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 265-46-89
Бухгалтерия
+7(727) 265-46-89
Версия для
слабовидящих
» » » №23 Тескентоған ЖББ мектебінде өткізілген «Ұлы даланың жеті қыры» атты математикалық кеш
21
январь
2019

№23 Тескентоған ЖББ мектебінде өткізілген «Ұлы даланың жеті қыры» атты математикалық кеш

№23 Тескентоған ЖББ мектебінде өткізілген «Ұлы даланың жеті қыры» атты математикалық кеш.
Жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі: Құрманалиев Рахат Жапарұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізуге дағдыландыру, өз ойларын шебер жеткізуге, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқу арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Сахна төрінде төмендегідей қанатты сөздер ілінді:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
Бұл кештің ерекшелігі оқушылар математикалық есептерді шешумен қатар Елбасының мақаласы «Ұлы даланың жеті қырының» әр қыры туралы оқып түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе білуі.Өз ойларын жеткізуге 2-3 минут уақыт берілді. Оқушылардың шығарған есептерімен қатар,айтқан ой орамдарыда бағаланады. Оқушылардың математикалық білімдері мен сөз шеберліктерін бағалауға қазылық жасау мектеп оқушыларынан құралды.Білім жарысына қатысатын оқушыларды даярлау, кештің бағдарламасын құрып,жарысқа қазылық ету, оны өткізу 10-сынып оқушыларына жүктелді.Жарысқа қатысатын 8, 9- сынып оқушылары.
І топ: «Жеті қазына» 9-сынып
ІІ топ: «Жеті ырыс» 8-сынып
1 - жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
2 - жүргізуші: Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар
1 - жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жаздар
2 - жүргізуші: Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер
1 - жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
2 - жүргізуші: Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып
Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.
1 - жүргізуші: Енді кешті бастайық
2 - жүргізуші: Екеуміз енді саспайық
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математикалық сандық» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
1 - жүргізуші: Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз
жеткіземіз.
2 - жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1 - жүргізуші: Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер – деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Бүгінгі кештің жоспары:
1. Атқа міну мәдениеті-«Бәйге»
2. Ұлы даланың ежелгі металлургиясы –«Шешімін тап»
3. Аң стилі –«Сөзжұмбақ»
4. Алтын адам –«Мини тест»
5. Түркі әлемнің бесігі – «Кім жылдам?»
6. Ұлы жібек жолы – «Координаталық жазықтықпен жұмыс»
7. Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны-«Капитандар сайысы»
8. Қорытынды

Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. «Бәйге».Школьникам 5 есеп беріледі.Бұл турдан топтар 3-тен 5-ке дейін ұпай алуға, «Атқа міну мәдениетін» түсіндіру арқылы қосымша ұпай алуға мүмкіншілігі бар.
ІІ тур. «Шешімін тап» сайысына (7 минут) уақыт беріледі. Оқушылар тапсырмаға дайындалып жатқанда бір оқушы көрермендермен физика пәнімен байланысты фокус ұйымдастырды.Сайыстың нәтижесінен кейін оқушылар «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы»туралы түсініктерін айтады бұл сөз шеберліктеріде әділ қазылар тарапынан бағаланды.

ІІІ тур. «Сөзжұмбақ» сайысына 5 минут уақыт берілді. Сайысқа оқушылар дайындалып жатқанда,мектептің көркемдік жетекшісі Сеитбеков Ерік көрермендерге ән тарту жасады.Сайыс нәтижесі бойынша топтар өз еңбектерін қорғағаннан кейін « Аң стилі» туралы сөз жарыстарын жалғастырды, сөз жарыста әділ қазылар кім түйінді ойды тарқатып, уақыт шеңберінен шықпай өз ойларын жеткізген оқушыларға жоғарғы балл берді.
IV тур. «Мини тест» сайысына 3 минут уақыт берілді. Сайыстың қорытындысынан кейін « Алтын адам» туралы оқушылар ой қозғады,бұл сайыста 9-сынып оқушысы Темірхан Айқын жеңімпаз болды
V тур. «Кім жылдам?» сайысында топтарға жұмбақтар жасырылды нәтижесінде оқушылар топпен жұмыс жасап, бір шешімге келіп, тез ойланып жауап беру керек болды. Нәтижесінде 8-сынып оқушылары жоғары балл алды. Сөз жарыста «Түркі әлемнің бесігі» туралы ой қозғалды.

Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан - жағыңа қарамай? (натурал сан)

Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы,
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді ( 8 )
Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер.(8)

VI тур. «Координаталық жазықтықпен жұмыс» сайысында берілген нүктелердің координаталары арқылы Ұлы Жібек жолын сызып шығу тапсырылды. Екі топта жұмысты дұрыс аяқтады.Бұл турда оқушылар «Ұлы жібек жолы» туралы Елбасы мақаласында айтылған тарихи ойды шебер жеткізе білді. Осы турдың тапсырмасы орындалып жатқанда, жүргізушілер көрермендермен «Кім тапқыр? сайысын» жүргізді,жылдам жауап берген оқушыларды заттай сыйлықтармен марапаттады.
VII тур. «Капитандар сайысы». «Ұлы даланың жеті қырының» бір қыры «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» туралы оқушылар білгенін ортаға салды.Капитандарға бірдей сұрақтар қойылды.Бір капитан жауап беріп жатқанда екіншісі сыртта тұрады.
Қызықты сұрақтар
1.3,4 және 8 сандарының бәріне бөлінетін ЕКОЕ қандай (24)
2. Тордағы барлық күшіктердің аяқтарының саны 84, сонда тор ішінде қанша күшік(21)
3. Егер 2 кірпіш салмағы 12 кг болса, 5 кірпіш саны неше кг(30)
4. Ең кіші натурал сан(1)
5. Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
6. 17 құрама санба (иә)
7. 27, 45 ,81 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін тап(9)
2.
8. Жайда емес құрамада емес натурал сан (1)
9. 100 жылдың басқа атауы (ғасыр)
10. 7 майшам жанып тұр, 4-ін сөндірсек неше майшам қалады (4)

VIІI. Қорытынды. Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет айтып, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.Әділ-қазылар алқасы екі топтың кім жеңгенін айтады,жеңген топ мақтау қағазымен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив