«Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 265-46-89
Бухгалтерия
+7(727) 265-46-89
Версия для
слабовидящих
» » «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын
01
сентябрь
2025

«Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын

2025 жылдың 1 сентябрь күні №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылардың бойында білімнің маңыздылығы мен құндылығын ұғындыру, жағымды көңіл-кдоммен мектепке деген оң көзқарас қалыптастыру мақсатында «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.Аталған мерекелік шараға Аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбаев Ахан Көктеубайұлы және Аудандық білім бөлімінің әдіскері Досмұханбетова Зульфия Мэльсовна арнайы қонақ ретінде қатысып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.Салтанатты жиынды мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Амирова Назым Сапарғалиқызы ашып, білім күнімен құттықтап, барша білім алушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс, қажырлы еңбек пен жаңа жетістіктер тіледі.

Жиын барысында мектептің өнерлі оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, Қартаңбай Ажардың орындауындағы «Кел, балалар, оқылық!» әні көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар, 1-сыныпқа жаңадан қабылданған 9 білім алушы сүйікті мектебіне, ұстаздарына арналған өлең шумақтарын жатқа айтып, көрермендерге әсерлі көңіл-кдомсыйлады.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі де салтанатты түрде өтті. Бұл құрмет 1-сыныптың білім алушысы Жапсарбай Аминаға және 11-сыныптың үздік оқушысы Мұхамедәлі Ақнұрға табысталды. Бұл сәт білім күніне ерекше мән беріп, барша қатысушылардың есінде қалатын әсерлі көрініске айналды.

Жиын соңында мектеп ауласында оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күйде тарқасты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив