1 сентябрь » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 265-46-89
Бухгалтерия
+7(727) 265-46-89
Версия для
слабовидящих
15
сентябрь
2022

1 сентябрь

№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде  2022 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне  арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық  қасиет » тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.Мемлекеттік туды көтеру  мен гимнін орындау мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібіне сәйкес жүргізілді.Жылдағы дәстүрге сай 1 сентябрь –«Білім күні» мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жаңа оқу жылы басталар айтулы күнде  Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты  жиында  мектеп директоры Спанқұлова Айжан  Рысқазықызына сөз беріліп, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілек білдірді. Мерекеге   келген құрметті қонақтар  Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Қасымова Мағрипа Жармұханбетқызына , Аудан  әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы  Нұрпейісов Данияр Рыспайұлына  сөз кезегі беріліп ,сонымен бірге, ұстаздар және шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар атынан Айгүл апай  мерекелік лебіздерін жеткізді.
Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқып, Орынбасар Нұрдина «Ананың тілі » әнін көпшілікке тарту етті. Салтанатты  жиында сонымен бірге, мектебіміздің көркемдік жетекшісі Сейітбеков Ерік ағай «Қазақтай ел қайда » әнін шырқап, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды алғашқы сабаққа шақырды.Алғашқы  қоңырауды соғу рәсімін  11 сынып оқушысы Жимахан Ринат пен 1 сынып оқушысы Хорошийлық Дария жүргізді. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив