22
январь
2024
Lesson Study «Сілтеу есімдігі» тақырыбы
№23 Тескентоған ЖОББ мектебінде январь айының 22-і күні Lesson Study 1-тобының 2 – цикл бойынша қазақ тілі пәнінен Шинасилова Ж.Ж 6-сыныпта «Сілтеу есімдігі» тақырыбында сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру. Сабақта «Дауыстап ойлау» әдісі арқылы жұптық, «SWOT талдау» әдісі арқылы білім алушылар топта бірігіп постер құрып, «Сөздер банкасы» әдісі арқылы жеке жұмыстар орындады. Блум токсономиясына байланыстырып құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті. Білім алушылардың ұяңдығын ашатын түрткі сұрақтары алға қарай ілгерілеуге жетеледі. 1-топ жетекшісі: Ардабекова И.
