22
январь
2024
Lesson Study бойынша бірінші отырысы
№23 Тескентоған ЖОББ мектебінде январь айының 22 жұлдызында Lesson Study 1-тобының 2 – цикл бойынша бірінші отырысы өтті. Топ мүшелері зерттеу ережелерін сақтай отырып, бүгінгі зерттелетін сабақ жоспарын талқылап, әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану аясында ҚМЖ құрды. Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Білім алушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады. 1-топ жетекшісі: Ардабекова И.
