"Мен таңдаған мамандық" тақырыбында тәрбие сағаты
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 8-сынып білім алушылармен "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Сынып жетекшісі: Умирбекова Роза Мейрмановна