23
қазан
2024
"Әр маман өз ісінің шебері" тақырыбында мамандармен кездесу іс-шарасы
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 8-11 сыныптар арасында 25 қазан Республика күніне орай "Әр маман өз ісінің шебері" тақырыбында мамандармен кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс -шараға әр-түрлі салалардың өкілдері, Сұрат ауылдық округінің бас дәрігері Какен Данияр Ерболұлы,Сұрат ауылдық округіні әкімдігінің іс жүргізуші Аманбеков Дархан Аманбекович,қазпочта меңгерушісі Казбекова Бубия Казбековна қатысты. Іс -шара барысында әрбір маман өз саласындағы жетістіктерін,тәжірибелерін баяндады. Мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылар сұрақтар қойып,өздері қызыққан тақырыпта пікір алмасты. Сонымен қатар мектеп психологі "Мен қандай маманмын" тақырыбында тренинг өткізді.Келген қонақтармен оқушылар арасында "Мамандықты тап " ойыны ойнатылып, "Ерке сылқым " күйі орындалып, кәсіби даму бойынша кеңестер ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетті.Оқушылар мамандық таңдауда маңызды кеңестер алды.