20
наурыз
2024
"Бүгінгі шәкірт - ертеңгі маман" тақырыбында студенттермен кездесу
17.03.2024ж. №23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыруға бағытталған онкүндік жоспарына сәйкес 8-11 сынып білім алушыларын "Бүгінгі шәкірт - ертеңгі маман" тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру. Мамандық таңдау , оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту.
