24
қазан
2025
Күзгі демалысқа шығуына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 22 қазандағы №1987 хатына сәйкес 2025 жылдың 24 қазан күні №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың күзгі демалысқа шығуына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы Б. Касимов, жергілікті учаскелік полиция қызметкері Ә. Ақылжанов директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Абдрасилов, педагог-психолог Н. Ануарбекова, сынып жетекшілер, 7–11 сынып оқушылары (62 білім алушы) және онлайн ата-аналар (25 адам) қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, бопсалау мен буллингтің алдын алу, оқушылардың демалыс уақытындағы қауіпсіздігі, түнгі уақытта ата-ананың қадағалауынсыз көшеде жүрмеу туралы қатаң ескертті. Мектеп инспекторы Б. Касимов құқық бұзушылық пен буллингтің заңдық жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтті. Педагог-психолог Н. Ануарбекова буллингтің түрлері мен оның бала психологиясына әсері туралы айтты.
Сынып жетекшілер ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігіне тоқталып, баланың интернеттегі және қоршаған ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.