«Қылмыссыз қоғам, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата -аналар форумы » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қылмыссыз қоғам, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата -аналар форумы
15
қараша
2024

«Қылмыссыз қоғам, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата -аналар форумы

№ 23 Тескентоған жоббм 2024 жылдың 15 қарашакүні  «Қылмыссыз қоғам, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата -аналарфорумыөткізілді.Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; бала қауіпсіздігі бірінші орында екенін, үнемі назарда ұстау керектігін жеткізу.
10.30-11.00 дейін ата-аналарды тіркеу. 
Жиналысқа  ата-налар, сынып жетекшілер , мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты.Іс -шараға келген қонақтар: Мектеп инспекторы Е.Оспанбеков ,жергілікті полиция қызметкері Ә.Ақылжанов. Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры А.Р.Спанкуловаға беріліп, 
Ата-аналар форумының бағдарламасымен таныстырды:
МазмұныУақытыЖауапты
1Ата-аналарды тіркеу10.30-11.00Максытова А.
Абдибаева М.
2“Қылмыссыз қоғам, құқық 
бұзушылықтың алдын алу” 
тақырыбында баяндама. 
Бейнеролик көрсету
11.00-11.30Мектеп директоры 
А.Р. Спанкулова
3«Кәмелетке толмаған білім 
алушылардың құқық бұзушылықтың 
алдын алу» тақырыбында баяндама
11.30-11.50Мектеп инспекторы 
Е. Оспанбеков
4Ата-ана мен бала арасындағы
 қарым-қатынас
Тренинг
11.50-12.05Мектеп психологы 
А. Абуталиева
5“Атааналар және бала арасындағы қарым-қатынас” тақырыбында баяндама12.10-12.30Атаана комитетінің мүшесі 
А. Тәжімұратова
6Қорытынды12.30-12.40Мектеп директоры 
А.Р. Спанкулова
Бағдарлама бойынша “Қылмыссыз қоғам, құқық бұзушылықтың алдын алу” 
тақырыбында баяндамаоқыды.Баяндаманы АбайҚұнанбайұлы атамыздыңжетінші және тоғызыншы қара сөздерімен бастады. «…Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән-жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». (жетінші сөзі) Он тоғызыншы сөзінде кемеңгер: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
    1. Мектебімізде осы бағытты ұстай отырып «Ата-аналарды қолдау» орталығымен бірлесе  «Аталар», «Әжелер», «Ағалар», «Жеңгелер» мектебі құрылып бірлесе жұмыстар атқарылуда. Ата-аналармен «Диалог алаңы», «Консилиум», «Ұлттық құндылығымызды дәріптеу» бойынша жиналыстар өткізілді.                                                                                                                                      
       2. Қылмыссыз қоғам- бұл адамдардың құқықтары мен бостандықтары толық қорғалған, құқық бұзушылықтар жоқ немесе аз орын алатын қоғам. Қоғамда заңдар мен ережелер тиімді орындалып, азаматтар бір-біріне құрметпен қарап, қауіпсіздік және әділеттілік қамтамасыз етілген жағдайда ғана қылмыссыз қоғам қалыптасады. Бұл қоғамды құру үшін тиімді құқық қорғау жүйесі, білім беру, мәдениет және әлеуметтік әділеттілік қажет.  Құқық бұзушылықтың алдын алу - құқық бұзушылықтардың пайда болуын болдырмау немесе олардың санын азайту мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен жиналыстар өткізіліп, қылмыссыз қоғам, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған видео роликтерде көрсетілді. Жастарды тәрбиелеу және қылмысқа тарту ықтималдылығын төмендету мақсатында осындай іс-шаралардың маңызы зор деп санаймын.                                                                                                                                                                   3. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі  бұл маңызды мәселелер, себебі балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дұрыс ұйымдастырылған шаралар қажет. Әр түрлі аспектілерде мектептегі қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру  мынадай қадамдарды қамтиды. Балаларды мектепке тасымалдау – ата-аналар мен білім беру мекемелерінің маңызды міндеттерінің бірі. Мектепке  балалардың келіп кетуі, сабақ аяқталғанда автобусқа мінгендегі қауіпсіздіктерін бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі, ұстаздар және кіші қызметкерлерден кезекшілік  құрылып үнемі бақылауда тұрады.  Мектепбімізде барлығы 26 камера жұмыс жасайды, оның ішінде 4 камера РОВД мен интеграцияланған. 
Мектепте құқық бұзушылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың, буллинг, кибербулинг, қорқытып алушылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан жоспар құрылып сауалнамалар алынып, алынған сауалнама қорытындысы бойынша оқушылармен түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Республикалық «Дос болайық», «Бестерек», «Менің бауырым»,  «Стоп буллинг» осы аталған жобаларды іске асыру мақсатында жоспар құрылып жоспар бойынша   жұмыстар атқарылып әлеуметтік желілерге салынып отырады. 
2.Бағдарлама бойынша мектеп инпекторы «Кәмелетке толмаған білім
алушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндамаоқыды. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу. Ата-аналарға буллинг, әлімжеттік, бопсалау және түнгі мезгілді бей-берекет білім алушыларды көшеде жүрмеуі туралы ескертті.
3.Мектеп психологы А.Абуталиева «Ата-ана мен бала арасындағы
 қарым-қатынас »тренинг өткізді.Менің атым Қожа бейнефильмі арқылы ситуациялық сұрақтар, тапсырмалар берілді.
4.“Атааналар және бала арасындағы қарым-қатынас” тақырыбындаата-ана комитетінің мүшесі Тәжібаева Әсем  баяндамаоқыды. Мақсаты: ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру.Сөзін қорытылай келе, “Баланың басты ұстазы ата-ана” деген қанатты сөзге мән беруге шақырды.
5.Қорытынды:  Жиналысқа келген ата -аналар мен қонақтар кері байланысқа шығып , жиналыс жоғары дәрежеде өтті деп , алғыстарын білдірді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив