20
қыркүйек
2024
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі -отбасы» тақырыбында жалпы мектепішілік ата -аналармен диалог алаңы
№ 23 Тескентоған жоббм 2024 жылдың 20 қыркүйек күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі -отбасы» тақырыбында жалпы мектепішілік ата -аналармен диалог алаңы өткізілді.Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; бала қауіпсіздігі бірінші орында екенін, үнемі назарда ұстау керектігін жеткізу. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің құрамы, ата-налар , сынып жетекшілер , мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты.Іс -шараға келген қонақтар: Аудандық ақсақалдар кеңесінің орынбасары М.Жұматаев ,қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Алтынбаев, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Садыбаева Н, Сұрат ауылдық округінің әкімі Ж.Джантелеев, мектеп инспекторы Е.Оспанбеков ,жергілікті полиция қызметкері Ә.Ақылжанов. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықты дәріптей отырып , ата- аналар «Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық, заң мен тәртіп» құндылықтарына бөлініп,алты қазақ үйде отырды. Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры А.Р.Спанкуловаға беріліп, «Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтын, өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайтынын айтып өтті.ДТЖО Ғ.Абдрасилов мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып өтті.Мектеп психологы А.Абуталиева «Жағымды қарым -қатынас орнату »тренингін өткізді.Жиналыста күн тәртібінде барлық мәселелер қамтылып, жаңа оқу жылындағы тәртіп ережелері жайлы түсіндірілді.Жиналысқа келген ата -аналар мен қонақтар кері байланысқа шығып , жиналыс жоғары дәрежеде өтті деп , алғыстарын білдірді.#біртұтастәрбие