№23Тескентоған жалпы орта білім береін мектебінің қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілді
Тақырыбы: «Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері туралы түсіндіру»
Күн тәртібінде:
- Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері туралы айу
- Ата-аналар комитетін сайлау
- Мектепшілік келісім шартпен таныстыру
Тыңдалды:
Ата-аналар жиналысы дистанционды түрде «WhatsAPP» платформасы арқылы өтті. Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Шортанбаева Эльмира «Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері туралы түсіндіру»
тақырыбында түсіндірме жасады. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1 -сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі. Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі. Былтырғы оқу жылында аптасына 5 күн оқитынбыз, енді биылғы жаңа оқу жылынан бастап аптасына 6 күн оқитын болдық.
Мұғалімнің айтылған сөзінен ой түйіп, ата- аналар ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.
Екінші мәселе Ата – аналар комитетін сайлау.
Ата – аналар комитетінің құрамына төрайымы болып Құттыбаева Гүлмира сайланды. Ата-аналар комитетінің мүшелері болып Сүйінбек Мөлдір, Қарабаева Гүлжан сайланды.
Үшінші мәселе«Мектепшілік келісім шартпен таныстыру»
бойынша сынып жетекші мектепшілік келісім шартпен таныстырып өтті, осыған байланысты арнайы дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті. Жарыс сөзге барлық ата-аналар шығуға тырысып, ойларын айтты.