20
қараша
2025
"Зәршығару жүйесінің гигинесы.Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары" тақырыбында ашық сабақ
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Химия,биология,география" пәндер айлығы аясында 20 қараша күні биология пәні мұғалімі Ниязбекова Асел 9 сынып білім алушырымен "Зәршығару жүйесінің гигинесы.Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары" тақырыбында ашық сабақ өтті. «Киіз үй» әдісі арқылы оқушылар 3 топқа бөлінді. Сабақтың құндылықтары түсіндіріліп, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. «Биологиялық диктант» әдісі арқылы оқушылар бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар туралы білімін тексерді. Оқушылар бос орындарды тиісті терминдермен толықтырды. «Суреттер сөйлейді» әдісі қолданылып, бүйрек ауруларының алдын алуға әсер ететін факторлар талқыланды. Оқушылар суреттерге сүйене отырып өз ойларын ортаға салды.Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар үш топқа бөлініп, бойынша постер, презентация дайындады.Сабақ барысында LearningApps, Quizizz, Bamboozle, Wordwall платформаларын пайдаланды.