№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
03
маусым
2022

№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі

№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың  3-маусым күні  «Рәміздерім мақтанышым»  тақырыбында іс –шара өткізілді. Бүгін - Қазақстан халқының мемлекеттік елтаңбасы, туы және әнұраны бекітілген  күн. Шараның басты мақсаты- мемлекеттік рәміздерді насихаттау, қастерлеу. Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.Мерекелік іс- шара мемлекеттік гимнімен ашылды. Биыл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 30 жыл толып отыр.Мемлекеттік рәміздер — мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытты. Ұрпағына "Туың жығылмасын" деп бата берген қазақ үшін көтерілген байрақ ерлік пен елдіктің, бірліктің белгісі. Алмағайып күн туғанда, ұлы бабалар дабыл қағып, Ту көтерген. Елім деген ерлер, қашанда Ту түбіне жиналған. Жауға тойтарыс берген. Қуанышта да, осылай болған. Көк байрақ көтерілген жерден мерекенің мерейі үстем болған.  Көркемдік жетекші Сейітбеков Ерік ағайдың орындауында "Көк тудың желбірегені" әні - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән орындалды. Оқушыларға Елтаңбасын тұмардай қастерлеп, әнұранымен жалындап,көк туды көкке көтерудің  маңыздылығы айтылды. Ата-бабалардың арманы, еліміздің көптен күткен үміті ақталып, азаттықтың туын желбіреткен қасиетті күн біз  үшін  қашанда маңызды болуы тиіс.Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы өлең тақпақтарын жатқа айтты. Қазір Мемлекеттік туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымызбен тәуелсіздігіміздің тұғыры нық. «Тәуелсіздігіміз баянды болып, Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!»- деп, мерекелік іс- шараны аяқтадық.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив