23
мамыр
2022
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы .Саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру - Президенттің биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты осы. Және бұл халықтың көкейінде көптен бері жүрген мәселе еді. Демократияландыру үдерісін тиімді жүргізу үшін әрине алдымен Ата заңға өзгерістер енгізу қажет. Осы ретте Президенттің тапсырмасымен құрамына белгілі заңгерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар енген арнайы жұмыс тобы құрылып, конституциялық өзгерістердің жобасы әзірленді.«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға барлық ұжымдар дайын.


