1-Қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттары бардың қазынасы мол» атты акцияының өтілуі туралы
1-Қазан Халықаралық қарттар күніне орай № 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде «Қарттары бардың қазынасы бар » атты іс- шараның өтілуі туралы
Мәлімет
1-Қазан Халықаралық қарттар күні . Бұл күні қарттарымызға , олардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сый құрмет -көрсету мақсатында үлкенді сыйлау , қарияны құрметтеу дәстүрін № 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 7-11 сынып оқушылары Аққайнар ауылының тұрғыны Қамбаров Өтешбай ақсақал мен Тескентоған ауылының тұрғыны Жолдасбай атаның үйіне барып көмек көрсетілді. Жастық шақтарын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап , маңдай терлерін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету – бүгінгі жас буынның басты парызы екенін ,еліміздің жас азаматын отан сүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда ардагер ата- апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары үлгі екенін айтып өттік. 91 жасқа келген Өтешбай ақсақал , Жолдасбай ата оқушыларға ізгі тілектерін айтып, ризашылығын білдіріп, өздерінің ақ баталарын берді.