10
қараша
2025
"Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны" атты тәрбие
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен қараша айының 10-шы жұлдызында "Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің пайда болуы, маңызы мен тарихы туралы мәлімет беру, отансүйгіштікке, елдің экономикалық тәуелсіздігін құрметтеуге тәрбиелеу, қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушыларға "Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері" атты тақырыпта қауіпсіздік сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға адамның жеке шекарасы туралы түсінік беру, жеке кеңістікті, сезім мен пікірді қорғаудың маңызын түсіндіру, өзінің және өзгенің шекарасын құрметтеуге, қажет жағдайда "жоқ" деп айтуға үйрету. Сынып жетекшісі: Доганбаева Д.А.