"Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты
10
қараша
2025

"Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты

N 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 1-сынып оқушыларымен
15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай
"Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы туралы түсінік беру.
Теңгенің біздің мемлекеттің тәуелсіздігінің негізгі белгілерінің бірі екенін ұғындыру.
Ақшаны үнемдеп жұмсауға, оны қадірлей білуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар теңгенің шығу тарихымен танысып, алғашқы банкноттар мен монеталар үлгілерін көрді.
Теңгенің авторлары мен ұлттық құндылығымызға айналған белгілері туралы мағлұмат алды.
Сонымен бірге балаларға ақшаны дұрыс қолдану, жинақтау мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Тақырыбы: "Суқоймаларындағы қауіптер"
Мақсаты:
Оқушыларды су айдындарында (өзен, көл, канал, су қоймасы) кездесетін түрлі қауіптерден сақтандыру.
Суда өзін-өзі дұрыс ұстау, апатты жағдайлардың алдын алу, қауіп төнген жағдайда не істеу керектігін үйрету.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін есте сақтап жүрудің маңызын түсіндіру.
Оқушылар су жағасында ойнағанда, өз бетімен суға түспеу керектігі, мұз қатпаған кезде суға жақындамау ережелерімен танысты.
Қорытынды:
Өткізілген тәрбие сағаты оқушыларға ұлттық валюта теңгенің маңызын түсіндіруге және қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға ықпал етті.
Балалар Отанын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға және өз өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленді.
Сынып жетекшісі: Шортанбаева Э
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив