10
қазан
2024
Тегін тамақпен қамту жұмысы
10.10.2024 күні №23 Тескентоған жалпы орта мектебінде білім алушыларды тегін тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру мақсатында 6-7 сынып оқушыларымен "Дәмнің бәрі пайдалы ма?" тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Ниязбекова Әсел Андосбековна тәрбие сағатын өкізді. "Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті" тақырыбында мектеп медбикесі Бралиева Құралай Есимбекқызы оқушыларға баяндама оқып,денсаулықтың адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін,денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге баулыды.Оқушылар пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар туралы өз пікірлерін ортаға салды. Бүгінгі тәрбие сағатынан оқушылар денсаулыққа пайдасы бар түрлі ақпараттар алды.
Әлеуметтік педагог Қ.Қыстаубаева.
Әлеуметтік педагог Қ.Қыстаубаева.
