№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебі «Тиімді тамақтану» онкүндігінде атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебі
«Тиімді тамақтану» онкүндігінде атқарылған
іс-шаралар туралы мәлімет
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 16-25.10.2019 күні
1-11 сыныптар аралығында тиімді тамақтану туралы онкүндік өтті. Онкүндікке
іс-шаралар жоспары құрылып,бекітілді. Осы жоспар бойынша іс-шаралар орындалды.Атап айтсақ қазан айының 16-жұлдызында оқушыларға «Тиімді тамақтану» тақырыбына онкүндіктің ашылуы туралы хабарлама жасалынып,
іс-шаралар жоспарымен 1-11 сынып оқушылары таныстырылды.
17.10.19 күні барлық сынып бөлмелерінің денсаулық бұрыштарына
«Тиімді тамақтану» туралы жапсырма қағаздары ілінді.
22.10.19 күні 11-14 жас аралығынан Нұрмаханова Балжан 6-сыныптар арасында «Ас адамның арқауы» тақырыбында сурет байқауын өткізді.
23.10.19 күні 9-сынып жетекшісі Қыстауова Алия «Дұрыс тамақтана білеміз бе» тақырыбында сынып сағаты өткізді.Сынып сағаты «Дұрыс тамақтану,уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін дамыту,салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу» мақсатында өткізілді.Сабақта ашық микрофонға шығып оқушылар өз ойларымен бөлісті.Сондай-ақ «Көкөніс базары», «Тамақтану бағдаршамы» ойындары ойнатылды.Сабақтың соңында тиімді тамақтанудың пайдасы мен зияны туралы оқушылар жарыссөзге түсті.
18.10.19 күні 1-сыныппен «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында Расилова Жұлдыз «Денсаулық құндылығы,дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру» мақсатында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушыларға тамақтану мәдениеті,тамақтану ережелері,құнарлы,пайдалы тағамдар туралы айтылды.Сабақта тиімді тамақтануға байланысты жұмбақтар шешіліп,видеоролик көретілді.
21.10.19 күні 7-10 жас аралығынан 2-4 сыныптар арасында «Тиімді тамақтану» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама 30 оқушыдан алынды.
24.10.2019 күні мектеп медбикесі Бралиева Құралай мектебіміздегі 18-29 жас аралығындағы мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге «Дұрыс тамақтанудың тиімді жолдары» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларда үнемі мектеп асханасынан қайнаған су ішу тәртібі ұйымдастырылып,қадағаланып отырылады. Онкүндіктің соңында өткізілген іс – шаралар қорытындыланып,оқушыларға сапалы және тиімді тамақтану денсаулыққа пайдалы екенідігі түсіндірілді.
Қорыта айтқанда,әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып,тиімді тамақтанып,гигиена ережесін сақтап отыру керек.Сонда ғана біз өз денсаулығымызды сақтай аламыз.
Орындаған мектеп медбикесі: Бралиева Қ.
Мектеп директоры:______________Арыстанбеков Н.