07
қазан
2024
АУДАНДА «ҰСТАЗДАР-ҰЛТТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ҚУАТЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

🔰 Бүгін ауданымызда «Ұстаздар-ұлттың зияткерлік қуаты» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті.
✨Мерекелік шараға аудан әкімі Ж. Баубеков, аудандық білім бөлімі басшысы А.Алтынбаева және білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздар қауымы қатысты.
✨ Аталған іс-шара барысында аудан басшысы және білім бөлімі басшысы білім саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жетістікке жеткен ұстаздарды Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.
✨ Сондай-ақ, білімді ұрпақ тәрбиелеуде тынымсыз еңбек еткен ұстаздарға және білім саласының ардагерлеріне, аудандық кәсіподақ төрайымы М.Асанжанова облыстық, аудандық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталары, алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
✨Шара барысында ауданымыздағы білім беру ұйымдары білім алушылары мен қосымша білім беру ұйымы мамандарынан құралған өнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен жалғасып, өнерпаздар салтанатты жиын қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
✨Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын ардақты ұстаздар қауымы!