«Бейнетті еңбектің зейнеті болмақ» атты іс – шара » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бейнетті еңбектің зейнеті болмақ» атты іс – шара
05
сәуір
2024

«Бейнетті еңбектің зейнеті болмақ» атты іс – шара


№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде зейнеткерлік жасқа келген   жандарға құрмет көрсетіп, бейнеті көп еңбектерінің зейнетін көруге толағай тілек білдіру салтанатты дәстүрге айналған. Жақсы дәстүр жалғасын тауып жатса да, бүгінгі игі шараның бізге қалдырған өнегесі зор болмақ – дейді мектеп ұжымы бір ауыздан. «Бейнетті еңбектің зейнеті болмақ» атты іс   –  шара  – зейнеткерік жасқа келіп отырған ардақты аға , Жәрдембаев Ержан  Балакөпұлын сахына төріне шақырумен басталды. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан  жанға деген құрметіміз зор. Ал, мектеп білімалушылары Ержан ағаға  деген зор қошаметпен мерекелік кеш ұйымдастырып, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. 2 сынып білімалушылары «Әкеге алғыс » әнін  айтты. «Дәстүр » би тобы «Махамбет » биін билеп, 11сынып білімалушысы Маңызқызы Зере ағамызға жүректен шыққан арнау өлеңін жолдады.Көркемдік жетекші Сейітбеков Ерік ағай «Ағалар » әнін орындады.Сөз кезегі мектеп директоры А.Р. Спанкуловаға беріліп « Сіздің жастар үшін үлгі болатындай еңбек жолыңыз кімге  болса да тәлім-тәрбие берері мәлім. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз! », - деп, мектеп ұжымы атынан , кәсіподақ ұйымынан сыйлықтар табыс етілді. Ұстаз қауымы атынан ардагер ұстаз  Р.Құрманалиев  пен  кіші қызметкерлер атынан  Ж.Қарнақов ағайға сөз кезегі беріліп, жылы лебіздерін білдірді.Осы кеште,  ұзақ жылдар еңбек етіп, сағынышпен еске алатындай мазмұнды ғұмыр кешкенін  бейнетаспадан көріп, өнегелі өмірлерінің куәсі болдық. 
Ағаның қадірін біліп, қас-қабағына қарап отырған, құдай қосқан қосақтары, бұзығы мен қызығы дейтіндей ұл-қыздары, олардан туған балдай тәтті немерелері бар. Үш ұл, бір қыздың қызығын көріп, үш  немере сүйіп отыр. Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне,немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!- деп, іс - шарамызды аяқтадық.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив