«Мәңгілік Ел » тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Дәрігерге мың тағзым » байқауы
№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы Маңызқызы Зере «Мәңгілік Ел » тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Дәрігерге мың тағзым » байқауына қатысып жүлделі ІІ –орын иеленді.
«Дәрігерге мың тағзым»
Ақ халатты ақпейіл абзал жандар ,
Ажалмен арпалысып атқан таңдар.
Амандығын өзінің ойлай алмай,
Өзгелерге өмір сыйлап жүрген жандар.
Кіршіксіз ақ халатты киінген ,
Жандарын ылдғи да шүберекке түйінген .
«Дәрігерге мың тағзым» бар халықтан,
Еңбегіне бар адамзат сүйінген.
Еңбегі ұлы емдеп жүрген елімді,
Қорғап жүрген дерт –дербезден жерімді.
Дәрігерге мың алғыс әрқашанда
Дәрігерлермен барлығымыз сенімді.
Дәрігер батыр, дәрігер батыл ерекше,
Еңбектері бағаналар ерекше.
Деніміз сау жүргеніміз бұл күнде,
Дәрігерлердің ұлы еңбегі емес пе!!!
8 –сынып оқушысы Маңызқызы Зере
