1-Қазан күні аудандық «Жас жүрген жер – мереке , қарт жүрген жер – береке!» атты акциясы
1-Қазан күні аудандық «Жас жүрген жер – мереке , қарт жүрген жер – береке!» атты акциясы аясында «Жас Ұлан » бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушылары үлкендерді құрметтеуге , сыйлауға үйрету, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында
№ 23 Тескентоған орта мектебінде 33 жыл ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаз білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін аудандық ,облыстық грамоталарымен марапатталған Әшірбекова Нүриза Әшірбекқызын халықаралық Қарттар күнімен құттықтады. Отбасына амандық ,бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз мол болып, немере –шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленуін тілейміз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие берген , жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік рухта бағыт бағдар берген ардагер ұстазға алғасымыз шексіз.
