02
қазан
2023
1 қазан Қарттар күні аясында № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Қарттарым -асыл қазынам" іс-шараның өтілуі туралы
1 қазан Қарттар күні аясында № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Қарттарым -асыл қазынам"
іс-шараның өтілуі туралы
Мәлімет
2023 жылдың 1 қазан Қарттар күні аясында тәлімгер Н. Ануарбекованың ұйымдастыруымен № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектептің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері "Қарттарым -асыл қазынам" атты іс-шараға белсене қатысты.Тескентоған ауылының тұрғыны, тыл еңбеккері Тарбақ Темірхан атамызды қарттар мерекесімен құттықтап , сыйлықтарын табыс етті.Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында атқарылған іс-шара арқылы оқушылар адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты екенін анық таныта білді.Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор.Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды бағалау керек екенін насихаттау үшін осындай іс-шараның маңызы зор болды