06
маусым
2023
№23 Тескентоған жобб мектеп жанынан құрылған "Балдәурен" лагерінде 06 маусым күні
№23 Тескентоған жобб мектеп жанынан құрылған "Балдәурен" лагерінде 06 маусым күні "Қыран" және "Жасұлан" тобының жетекшілері, лагерь басшысы, мектеп медбикесі балаларды қабылдап алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Қалманбетов таңғы жаттығуларын өткізді. Жоспарға сай өскелең ұрпақты табиғаттағы тіршілік иесін құрметтеп қастерлеуге тәрбиелей отырып, балалардың бойына ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру қабілеттерін арттыру мақсатында қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Нұрмаханова «Қасқыр мен түлкі» ертегісін көрсетіп, ертегі желісін талқылап өтті. Орыс тілі пәні мұғалімі Р.Умирбекова ертегілердің авторлары мен кейіпкерлерін таныстыру арқылы оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында «Қыран» және «Жасұлан» топтарында сабақ барысында «В мире сказок» тақырыбы бойынша ертегілер әлеміне шолу жасалынды. "Тоғызқұмалақ" үйірмесінің жетекшісі Н.Арыстанбеков "Қыран" және "Жасұлан" топтарында математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеуді үйрету мақсатында "Ойын ережесі" тақырыбында сабақ өтті.
1.Көзіңізді жұмып жүрген қиын болды ма?
2.Қандай ойда болдыңыз?-деген сұрақтарға балалар өз ойларын ашық,еркін жеткізе білді.Тренинг балаларға өте қызықты өтті.