06
наурыз
2023
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 6 наурыз күні «Әжемді тыңдап, анама қарап өсемін» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.

Мақсаты: Ана мен қыз арасындағы, әже мен қыз арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ана тәрбиесі, әже өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру.
«Әжемді тыңдап, анама қарап өсемін» тақырыбындағы сыр-сұхбат 7-8 сынып қыздарымен және әже, аналарымен өткізілді. Сыр-сұхбат барсында 8 сынып оқушысы Мұхаммедалы Ақнұр мен Жақсылық Балауса ана туралы өлең жолдарын оқыды. 7 сынып оқушысы Смат Нұрай «Аяулы ана» әнін орындады. Сондай-ақ 7 сынып оқушысы Жапсарбай Аруна ана туралы өлең жолын оқыды. Сыр-сұхбат барысында әжелерге, аналарға, қыздарға арналған арнайы сұрақтар қойылды және де әжелер мен аналарға жағдаятты сұрақтар қойылды. Іс-шара барысында өте актуалды мәселелер көтеріліп, әжелер мен аналардың өнегелі әңгімелері мен жауаптары тыңдалды.