№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектептебінде 25 қазан күні «Алтын күз-2019 » мерекесі өтті.
№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектептебінде 25 қазан күні «Алтын күз-2019 » мерекесі өтті. Бұл мереке тек күздің берген әдемі сыйы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз өнерлерін көрсетуге де мүмкіндік алатын кезі. Бұл мерекеге 6-9 сыныптар қатысты. Оқушылар әндер мен тақпақтар оқып, күзгі балда жұп болып вальс биледі. Оқушылар күз мезгілі тақырыбына арнайы киімдер тігіп қорғады. «Алтын күз-2019»байқауына оқушылар белсене қатысып,өз өнерлерін паш етті. «Таныстыру», «Өнерлі өрге жүзер», «Күзгі сән үлгісі», «Күз сыйы» - қолөнер, табиғи материалдардан жасалған шығармалары мен өзіндік туындыларымен ерекшеленді. Оқушылар әуелете ән салып,би билеп, көпшілікті тәнті етті. Ал сән үлгісін көрсету барысында жапырақтардан, гүлдерден жасалған өзіндік киім үлгілері жиналғандарды таң-тамаша қалдырды. . « Күз сыйы» қол өнер байқауында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Байқауда әділқазылар күзгі балдың жеңімпаздарын анықтады.Байқау қорытындысы бойынша 1- орын 7 сынып оқушылары ,ІІ-орын 9 сынып оқушылары ,ІІІ- орын 6 сынып оқушылары иеленді.
«Күз ханзадасы» - Жимахан Ринат », «Күз ханшайымы» - Жимахан Эленора атанды. Байқау көңілді және қызықты өтті Жалпы мектепішілік мерекеге сынып жетекшілер үлкен жауапкершілікпен қарады. Оқушылар қызығушылықтарын танытып, әр сайысқа зор үлес қосты.





