04
маусым
2025
Рәміздер күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймын!
Бұл күн - халқымыздың тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайдын, ұлттық бірегейліктің нышаны саналатын ерекше мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - еліміздің рухын көтеретін, елдік пен егемендігімізді айқындайтын қасиетті нышандар. Мемлекеттік рәміздері арқылы біз әлемге тәуелсіз елімізді танытамыз, болашақ ұрпаққа ұлттық сана мен патриоттық тәрбие дарытамыз.Бұл Рәміздер әрбір Қазақстан халқының жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, әрбір азаматтың борышы әрі жауапкершілігі.
Қымбатты оқушылар! Сіздер — болашақ ел тірегі, мемлекетіміздің үмітісіздер. Өз еліңізді, тіліңізді, тарихыңызды құрметтеп, рәміздерімізді қадірлеу — сіздердің азаматтық парыздарыңыз.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, бірлік пен береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеу тілеймін!
Рәміздер күні құтты болсын!
Құрметпен №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысқазықызы!