17
сәуір
2025
"Баланың бақыт формуласы - сүйікті мамандық" тақырыбында дөңгелек үстел
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларымен сәуір айының 16-і күні "Жұмысшы мамандықтар жылы : кәсіби бағдар - бүгіні мен болашағы" айлығы аясында "Баланың бақыт формуласы - сүйікті мамандық" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұмат беру, олардың қызығушылықтарын оятып, сүйікті мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт беру, танымдық белсенділіктерін арттырып, болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
