14
сәуір
2025
«2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылына» орай “ Кәсіби бағдар-бүгіні мен болашағы” тақырыбында
Сәуір айының бірінші аптасында № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылына» орай “ Кәсіби бағдар-бүгіні мен болашағы” тақырыбында: кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың айлығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Жастарды кәсіби өмірге дайындау , олардың мамандық таңдаудағы шешімдерін саналы түрде қабылдауға бағыттау және болашақта табысты әрі жауапты маман болуға көмектесу. Іс-шара барысында білім алушыларға тренингтер жүргізіліп , әр түрлі болашақта сұранысқа ие мамандықтармен викториналық ойындар арқылы танысты, "Мамандық таңдау-еңбек қызметінің түрі ғана емес, өмір салтын, қарым-қатынас саласын, жалпы-өз тағдырын таңдау" мәселесінің маңыздылығы мен жауапкершілігіне назар аударды. КББ педагогі: Ережепова М «2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылына» орай “ Кәсіби бағдар-бүгіні мен болашағы” тақырыбында:
