№ 23 Тескентоған ЖОББМ 18.02.2022 жылы 6 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс іс – шара өткіздім.
№ 23 Тескентоған ЖОББМ 18.02.2022 жылы 6 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс іс – шара өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: «Who is the best?» жарысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың сөздік қорын молайту және лексико-грамматикалық білімдерін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды “Clever”, “Intelligent” деп 2 топқа бөлдім. “Кiм көп біледі?” деп аталатын бірінші турда оқушылар постерге жемістердің аттарын 3 тілде жазды. Екінші тур “stupid words” “адасып кеткен әріптер” деп аталады.Оқушылар орындары ауысқан әріптерді орнына қойды. Үшінші турда fill in the gaps тапсырмасын орындады. Өлең айтып сергіту жаттығуын жасады. Төртінші турда сұрақтарға жауап берді. Бесінші турда сөздерді сәйкестендірді. Алтыншы турда сандарды жазбаша түрде жазды. Барлық тапсырмалардан жинаған баллдарын есептеп 1 топ жеңіске жетті.
Сыныптан тыс іс – шара өте қызықты өтті. Оқушылар өз ойларын жеткізе білді. Сабақта қойылған мақсатыма жеттім.

