Фосфор өткен геологиялық дәуірде түзілген қабаттар құрамында болады. Ол қабаттардан біртіндеп шайыладыда, экожүйеге түседі немесе адам фосфор тыңайтқышы ретінде егістікке енгізіледі. » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Фосфор өткен геологиялық дәуірде түзілген қабаттар құрамында болады. Ол қабаттардан біртіндеп шайыладыда, экожүйеге түседі немесе адам фосфор тыңайтқышы ретінде егістікке енгізіледі.
13
сәуір
2023

Фосфор өткен геологиялық дәуірде түзілген қабаттар құрамында болады. Ол қабаттардан біртіндеп шайыладыда, экожүйеге түседі немесе адам фосфор тыңайтқышы ретінде егістікке енгізіледі.

Фосфор өткен геологиялық дәуірде түзілген қабаттар құрамында болады. Ол қабаттардан біртіндеп шайыладыда, экожүйеге түседі немесе адам фосфор тыңайтқышы ретінде егістікке енгізіледі. Өсімдіктер фосфордың бір бөлігін ғана сіңіреді, ал қалған бөлігін өзендерге, теңіздерге, мұқиттарға ағызып құяды, сөйтіп қайтадан тұнбаға шөгеді. Фосфор балық ағсасында өте көп мөлшерде болады.Ауланған балық қалдығымен бірге қайтадан құрлыққа оралады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де ке¬рек. Қаңқаның мықтылығы, құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады. Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі. Фосфор — күш-қуат көзі.
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі . 6-кестеде ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде берілген.
Ақ және қызыл фосфордың негізгі қасиеттері
Ақ фосфор    Қызыл фосфор
1.    Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1,83 г/см3.
2.    Қараңғыда жарқырайды.
3.    Кәдімгі жағдайда 30 — 40°С температурада ауадағы оттекпен тотығады.
4.    От алғыш кауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.
5.    Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді.
6.    Өте қауіпті, улы!
7.    44°С-та балқиды, 280°С-та қайнайды    1.    Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2,20 г/см3.
2.    Қараңғыда жарқырамайды.
3.    Ауада оттекпен 260°С-та тотығады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив