09
ақпан
2023
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 9 ақпан күні «Болашақ » дебат жобасы аясында «Дебат форматтары мен тәртібі.Кейсті қорытындылау »тақырыбында іс шара өткізілді.

Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
- Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
- Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;Жоба барысында фракцияға қойылатын басты талап — позициясын логикалық тұрғыдан дәлелдей алу туралы, ойындағы үкіметтің позициясы — алаң жасау, оппозициянікі — үкіметтің идеясына қарсылық келтіру, қабылдау немесе қате табу жайлы айтылды. Бұл — ойыншыларға қойылған бірінші критерий. Екінші критерий — кейсте бос орын қалдырмай, рет-ретімен позицияны дәлелдеуі. Үшіншісі — позициясын моральдық тұрғыдан дәлелдейтін анологияның, салыстырудың болуы. Ойыншы қарсылас фракция идеясының жағымды тұсын көріп, бірақ өздерінің идеясы оған қарағанда әлдеқайда маңызды екенін дәлелдеп шығуы керек. Ал төртінші критерий, бірақ маңызы бойынша бірінші болатын талап — идеяның адамға пайдасы. Дүниедегі кез келген іс, жаңалық адам игілігі үшін жасалып жатыр. Қандай да болмасын саланың атқарып жатқан жұмысы адамға арналады. Мысалы, зауытты не үшін салады? Адамдарға қажет өнімді шығару үшін. Телефонды неге ойлап тапты? Адамдар бір-бірімен байланысу үшін. Сондықтан пікірсайыстың өзінен адамдар керегін алуы керек. Ойынды көріп отырған төреші немесе көрермен фракцияның сөзінен, идеясынан пайдалы ақпарат ала алса, мақсат орындалады. Себебі жеке адам қоғамды, қоғам мемлекетті құрайды. Осы төрт критерийге сай фракция жеңіске жетуге лайық екені туралы да айтылды.