03
наурыз
2025
Мектептегі қауіпсіздік.
Мектептегі қауіпсіздік. 2025 жылдың 3 наурыз күні мектеп директоры: А.Р.Спанкулова мектептегі оператор қызметкерлері,вахтер және түнгі мезгілдегі, қарауыл қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі мезгілде қарауыл қызметкерлерінің жұмыста болуы, мектепті қараусыз қалдырып кетпеуі туралы, мектепке бөгде адамдардың кіріп кетпеуі, алгоритм бойынша іс -әрекеттер жасау керектігі қатаң ескертілді. Түнгі мезгілде мектептегі камералардың сөніп қалмауы туралы , камералар істен шыққан жағдайда бірден мектеп әкімшілігіне немесе мекеме басшысына хабарласу керектігі қатаң ескертілді.
