03
наурыз
2025
мектеп әкімшілігімен өткен мәселелерді уақытылы, нәтижелі орындалуын бақылауда ұстау
2025 жылдың 3 наурыз күні мектеп директоры: А.Р.Спанкулова мектеп әкімшілігімен өткен алдыңғы апта жұмыстарына шолу жасап, ағымдағы аптада атқарылатын жұмыстарды жоспарлап, төмендегі күн тәртібінде қаралатын мәселелерді уақытылы, нәтижелі орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер. Қатысқандар: мектеп әкімшілігі. 1 . Оқушылардың, шағын орталық тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін бақылау ( оқушылардың тасымалдануына мониторинг жасау, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, тәрбиеленушілердің шағын орталыққа күнделікті келіп кетуін, мектептегі кезекшілік жұмыстарына , бейнебақылау камераларының жұмысына талдау жасау т.б) 2 .Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайы ( асхана жұмысы, тазалығы,ыстық тамақ бойынша сайттарға салыну жұмыстары) 3. Мектептегі ұйымдастырылған іс-шаралардың дұрыс, уақытылы жүргізілуін бақылау, ресми сайттармен , әлеуметтік желілерге жариялануын қадағалау. 4 . 8-22 наурыз мереке күндеріне мектепте сыйлыққа ақша жинау, сыйлық сыйлауға тиым салынатындығы туралы қатаң ескертіп, сайттарға хабарландыру жариялау. 5. 4-9 сынып білім алушыларының ББЖМ бойынша дайындық жұмыстарының жүргізілуін бақылау. 6 .Педагогтердің біліктілік санаты бойынша "Ұстаз" платформасы жұмысының дұрыс жүргізілуін бақылау. 7. 2025 жыл - "Әулие-ата" өңірінде "Кітап оқу жылы " деп жариялануына байланысты мектептің жоспарына сай кітапхана жұмысына бақылау. 8. "Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік жұмыстарымен абаттандыру жұмыстарының жүргізілу жағдайын қадағалау. 9. Құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу мақсатында оқушылармен, ата-аналармен түсіндіру жұмысытарын жүргізуді ұйымдастыру.
