08
январь
2025
Қысқы демалыс – мектеп оқушылары
№23 Тескентоған жоббм Қысқы демалыс – мектеп оқушылары үшін керемет уақыт, демалып қана қоймай, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Қысқы демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 8 сынып білім алушылары өзінің қызығушылықтарына қарай әртүрлі бағытта кітаптар оқуда. Кітап оқу арқылы оқушылар тек қана сөздік қорын кеңейтіп қоймай, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Кітапты толық оқып шығу үшін білім алушыларға оқыған кітапты достарымен бірге талқылау, оқыған кітап туралы қысқаша эссе жазу, қызықты цитаталарымен бөлісу сынды тапсырмалар берілді. Сынып жетекшісі: А.Ниязбекова.
