20
сентябрь
2024
"Мектепке жол" дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы
2024 жылдың 1 август-30 сентябрь аралығында "Мектепке жол" дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы 2024-2025 оқу жылында
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Хорошийлық жаса!» ұранымен өтті.
Акцияға қайырымды жандарды тарту аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар, жартылай жетім балаларға материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында көмек көрсетілді. Айта кететін болсақ мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказыевна, еңбек пән мұғалімі Курманалиева Шолпан Собетовна, қазақ тілі пән мұғалімі Нұрмаханова Балжан Абылайқызы, Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алтынбаев Ахан Коктеубаевич, зейнеткер Садыбаева Несіпкүл Сагинтайевна. Балаларға қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық демеушілерге алғысымыз шексіз. Акция аясында оқушылар мектепке қажетті құрал-жабдықтар,сумка,мектеп формасы,спорттық киім және аяқ-киімдермен қамтылды. Жыл сайынғы балаларға мейірім мен шуағын төге келетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтті. Біздің бүлдіршіндерімізге қол ұшын созып,олармен жүрек жылуын бөліскен қайырымды жандарға №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы мен оқушыларының атынан алғысымызды білдіреміз. Осындай қайырымды жандарымыз көп болсын! Тәуелсіз еліміздің ұрпақтарының болашағы жарқын,келешегі кемел болсын!
№23 Тескентоған жоббмнің
әлеуметтік педагогы
Қ.С.Кистаубаева