13
октябрь
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу
2022 жылы 13-октябрь күні №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде жоспарға сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 7-11 сынып білім алушылары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу"тақырыбында мектеп инспекторы Р.Мырзабевтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында
жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер айтып өтті.
