30
декабрь
2025
Аудан әкімінің жаңа-жылдық шыршасы
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан екі оқушы 2025 жылдың декабрь айында ұйымдастырылған аудан әкімінің жаңа-жылдық шыршасына қатысып қайтты. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар үшін арнайы безендірілген шырша жанында қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі ойындар мен сыйлықтар таратылды. Балаларға мерекелік көңіл-кдомсыйлау, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өткен бұл іс-шара оқушылардың Жаңа жыл мерекесін көтеріңкі көңілмен қарсы алуына мүмкіндік берді. Шырша соңында балаларға тәтті сыйлықтар мен мектепке қажетті оқу құралдары табыс етілді. Мектеп ұжымы атынан аудандық білім бөліміне және ұйымдастырушыларға балаларға көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс білдіреміз. Аталған оқиға оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, қоғамнан тыс қалмай, барлығына бірдей мерекелік көңіл-кдомсыйлау – басты құндылықтардың бірі екенін көрсетті.