14
февраль
2025
«Ауғанның отты жылдары» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
2024 жылдың 14 февраль күні #23 Тескентоған жоббм «Ауғанның отты жылдары» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді .Кездесудің мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ауған соғысының тарихын ұмытпау және ардагерлердің ерліктерін дәріптеу болып табылады. Бұл іс- шараны оқушылар әнұранмен бастап, «Алға Қазақстан», «Ауылым», «Туған жер» әндерін орындап, «Өмірді қайта жалғаңдар», «Ұрпаққа аманат», «Жауынгер ағалар», «Ағаларға арнау» өлеңдерін жатқа оқыды. Оқушылар ардагерлерге өздерінің түрлі сұрақтарын қойып, жауап алды.
Осындай кездесулердің ұйымдастырылуы – ел тарихына, ерлікке деген құрметтің белгісі. Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың ерлігін дәріптеу – кейінгі ұрпаққа аманат.
Осындай кездесулердің ұйымдастырылуы – ел тарихына, ерлікке деген құрметтің белгісі. Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың ерлігін дәріптеу – кейінгі ұрпаққа аманат.
