28
январь
2025
"Заң және тәртіп" айлығы
№23 жалпы орта білім беретін мектебінде "Заң және тәртіп" айлығы аясында 5-11 сынып білім алушыларымен орыс тілінде "Уважение к закону - залог порядка " тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты — қатысушыларға құқықтық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіру, қоғамда заңға құрметпен қарау және құқықтарды сақтау сияқты құндылықтарды насихаттау.
Бұл байқау қатысушыларды өздерінің құқықтық білімдері мен түсініктерін, заңды және әділ шешімдер қабылдау қабілеттерін шығармашылық жолмен көрсетуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы өз эссесінде құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі, заңдарды білу мен құрметтеу, өз құқығы мен міндеттерін саналы түрде түсіну, құқықтық жауапкершілік туралы өз көзқарастарын білдіреді.
Эссе байқауының қатысушылары өздерінің құқықтық санасын дамытуға, қоғамда құқыққа сәйкес өмір сүруге және адам құқықтары мен бостандығын сақтау мәселелерінде терең ойлануға шақырылады. Байқау нәтижесінде 9-сынып білім алушысы Беделхан Нағима жеңімпаз атанып, жазған жұмысы ауданға жолданды.
Жетекшісі: орыс тілі пән мұғалімі Умирбекова Роза.