14
январь
2025
"Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" проект
2025 жылдың 14 январь күні "Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" проект аясында 14-31 январь аралығында ашық сабақтар айлығының ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты: Бастауыш сынып және бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу және бастауыш сынып білім алушыларына үздіксіз білім беру арқылы білім сапасын арттыру. Іс-шара барысында білім алушылар өлең жолдарын жатқа оқып жобаның маңыздылығы мен мақсаты туралы өз ойларын білдірді. "Мақал-мәтелдерді табамыз" айдары бойынша суреттерден жауаптарын тауып өз ойларын ортаға салды. Білім алушылар патриоттық әндер орындап қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады. Ашылу салтанаты барлық қатысушыларға шабыт беріп, айлықтың сәтті басталуына негіз болды.


