08
январь
2025
Көркем эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің кезекті отырысы
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 8-январь күні Көркем эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің кезекті отырысы өтті. Отырыста қаралған мәселелер: 1. "Менің елім, Қазақстан" тақырыбында өткізілген сурет байқауының қорытындысы. 2. Көркем эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің декабрь айындағы айлық барысындағы атқарған жұмыстары. 3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай оқушылар арасында "Жас сарбаз" әскери-спорттық жарыс қорытындысы. 4. Тоқсан қорытындысы. Көркем еңбек пәні мұғалімдері ұйымдастырған "Менің елім, Қазақстан" тақырыбында өткізілген сурет байқауының қорытындысы тыңдалып, талдау жасалынды. Желтосан айының 2-27-сі аралығындығы айлық барысы қаралып, қорытынды шығарылды. "Жас сарбаз" әскери-спорттық жарыс қорытындысы бойынша мектеп оқушылары жүлделі ІІ-орын иеленді. ІІ тоқсан барысындағы атқарылған іс-шараларға қорытындысы жасалып, талдау жүргізілді.
