26
декабрь
2024
"Су айдынындағы қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру жұмыстары
№23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде қысқы демалыс күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 8 сынып білім алушыларына "Су айдынындағы қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім алушыларға ашық мұз айдынында және тау бөктерінде сырғанау, балық аулау қауіпті екендігі туралы түсінік берілді.Мереке күндері және қысқы демалыс кезінде жол ережесі қауіпсіздігін қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,кері байланыс алынды.Сынып жетекші:Ниязбекова А.
