17
декабрь
2024
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" тақырыбында зияткерлік ойын
№ 23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстанның Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай "Ұшқыр ой мен шешен тіл" тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Бұл шараның мақсаты — жастардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, шешендік өнер мен тіл мәдениетін насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің ойлау қабілеттерін, шешендік өнерін көрсетті. Сонымен қатар, ойын барысында ұлттық құндылықтар мен Тәуелсіздіктің маңыздылығы жайлы білімдерін сынап, топтар арасында жарыс ұйымдастырылды. Мұндай зияткерлік ойындар жастарға өз елінің тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді, әрі ойлау мен сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Ұйымдастырған :тәлімгер : Н.Ануарбекова
Ұйымдастырған :тәлімгер : Н.Ануарбекова
