04
октябрь
2024
ұстаздар күніне орай “Дублер күні "
№ 23 Тескентоған жоббм 2024 жылы 4 октябрь күні ұстаздар күніне орай “Дублер күні ", яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Оқушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту, сонымен қатар олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру."Дублер күнін " өткізу мақсатында мектеп Президенті Марат Нұрзада бастаған 11-10-9 сынып білім алушыларынан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 11-10 -9 сынып оқушылары атқарды.Бұл күн оқушыларға дербестік, жауапкершілік, тапсырылған іске адал және шығармашылық көзқарас сияқты қасиеттерді дамытуға мүмкіндік берді. Оқушылар мұғалімдердің сабақ кестесі бойынша , сабақтарды уақытылы жақсы дайындықпен жүргізіп шықты.