01
октябрь
2024
"Қазыналы қариялар аман болсын"тақырыбында тәрбие сағаты
1 октябрь 2024 ж №23 Тескентоған ЖОББМ мектепалды сыныбында 1 октябрь Халықаралық қарттар күніне орай "Қазыналы қариялар аман болсын"тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: тәрбиеленушілерге қариялар әр отбасының берекесі,қазынасы екендігі туралы түсініктерін кеңейту,қарияларды сыйлай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-әрекет барысында балалар үнтаспадан қариялар туралы ән тыңдады,өлең шумақтар жаттады, мақал-мәтелдермен танысты,ата,әжелеріне арнап сурет салды. Сынып педагогі: Копбаева Д.А.
